40 миллион теңге ұрлаған: Алматы облысында үйге қарақшылық шабуыл жасалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

40 миллион теңге ұрлаған: Алматы облысында үйге қарақшылық шабуыл жасалды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазанда Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде үш күдіктіні ұсталған.

"Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы "Қарақшылық" бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети