Жәрдемақы рәсімдеуге көмектесеміз деп тұрғындарға хабарласатын алаяқтар пайда болды. Олар телефонға келген құпия санды айтуды сұрайды. Қостанай облысындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, тұрғындарды сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Алаяқтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42 500 теңге төлем алғандарға қомақты ақша алып беруге уәде береді. Ал, миллион теңгеге жуық ақшаны алу үшін 1414 нөмірінен SMS арқылы жіберілген кодты айтуды сұрайды.
"Соңғы бірнеше күнде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 1414 байланыс орталығына қызмет алушылардан жиі қоңырау түседі. Олар әртүрлі ұйым, саяси партия өкілдері хабарласып, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алғандар 900 мың теңге мөлшерінде төлем алуға құқылы екенін айтқанын жеткізеді", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша бөлімшесі PR менеджері Ярослав Богатырев.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұл ақпаратты жоққа шығарады және 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге айтпауды ұсынады. Код арқылы қасқұнемдер, мысалы, электрон үкіметтегі жеке кабинетке кіре алады.
"Ешқандай төлем жасалмайды. 1414 нөмірінен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының атынан, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әріптестеріміз атынан ешқандай төлем жоқ екенін және кодты айту қажет емес екенін хабарлаймыз. Бұл алаяқтар, сіздің деректеріңізге қол жеткізгісі келетіндер", - дейді Ярослав Богатырев.
Алаяқтардың мұндай әрекеттері әлеуметтік инженерия деп аталады. Бұл - адамның жеке деректерін заңсыз алу әдісі. Ярослава Богатыреваның айтуынша, мұндай қоңырауларды елемеген дұрыс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!