47 арнайы операция: ҰҚК Қазақстандағы есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

47 арнайы операция: ҰҚК Қазақстандағы есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты Фото: ҰҚК

Есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылған. Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 келі героин және 48 келі метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.

"Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 келі героин, 2 келі апиын және 14 келі гашиш тәркіленді.

Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 келі апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды", - делінген хабарламада.

Биылғы бірінші тоқсанның өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 73 келі "мефедрон" және 223 келі "α-PVP" психотроптық заты алынды. Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралып жатқаны айтылды.

"Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды.

Аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталған. Заңсыз айналымнан 483,2 келі психотроптық заттар, 11 келі героин, 32,8 келі апиын, 63,7 келі гашиш, 41,6 келі марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети