Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, заңсыз сатылған дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 миллион теңгеге жеткен.
"Тәртіп сақшылары жалпы 4,7 мың дәрі таблеткасын, 2 мыңнан аса флакон мен 400 капсула, 80 градусник, 26 мыңнан аса маска мен 3,5 мың медициналық киім түрлерін (халаттар, қолғаптар, бас киімдер, көзілдіріктер және тағы басқа) тәркіледі. Жүргізілген есеп бойынша, тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асады. 6 шілде күні жедел-профилактикалық шара барысында Қошқарбаев көшесінде "Тойота Камри" автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұсталды.
Оның жүксалғышынан "Цефтриаксон", "Цефазолин", "Суламед", "Азитромицин", "Ингаверин", "Эуфиллин", "Ледокаин" және тағы басқа медициналық препараттардың ірі партиясы табылды. Айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі рет сотты болғаны анықталды", - делінген полицейлердің хабарламасында.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сауда орталығы тұрағында қажетті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектерді сатпақшы болған 30 жастағы әйелді ұстады.
Бұдан басқа, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында бақылау кезінде "Ледокаин", "Эргоферон", "Парацетамол", "Цефазолин", "Калетра және тағы басқа да тапшы дәрілік препараттарды сатқаны үшін 40 жастағы әйел ұсталды.
Сонымен қатар қалалық дәріханаларға тексеру жүргізіліп, бірқатар дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілгені анықталды. Нұр-Сұлтан полициясы тұрғындардан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда жақын жердегі бөлімшеге немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!