52 рет пышақ салған қылмыскер сот залында босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

52 рет пышақ салған қылмыскер сот залында босатылды Сурет: ktk.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қырғыз азаматын аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қырғыз азаматын аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".

2017 жылдың қараша айында "Арба" кафесінде сағат 04:30-да 27 жастағы ер адам қарама-қарсы отырған бейтаныс  ақтаулық 39 жастағы азаматқа пышақ ала жүгірген. Орта есеппен қылмыскер ер азаматтың денесіне 52 рет пышақ салғаны анықталды. Қылмыскерді полиция қызметкерлері тоқтатып үлгерген. Алған жарақатынан жәбірленуші қайтыс болды. 

"Тергеу барысында сараптама қылмыскер жасаған әрекетін психикалық ауытқу жағдайында жасалғаны анықталды. Себебі қылмыскер "Ақылсыз шизофрения" деп аталатын психикалық аурудан зардап шегеді екен. Осылайша, сот Қылмыстық кодекстің 16-бабының негізінде айыпталушыны босатты", - деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің өкілі. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети