57 жастағы Алматы тұрғынынан 24 келі марихуана тәркіленді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

57 жастағы Алматы тұрғынынан 24 келі марихуана тәркіленді Фото polisia.kz

Полицейлер 57 жастағы алматылық ер адамнан 24 келі марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер 57 жастағы алматылық ер адамнан 24 келі марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық "Қарасора" іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г. есімді азамат ұсталды.

"Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды", - дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети