7,7 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

7,7 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды ©Фото Турар Казангапов

Шымкентте коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура жасаған сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Жалған құжаттың жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асады. ҰҚТ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура жасаған сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Жалған құжаттың жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асады. ҰҚТ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Хабарламада ұйымдасқан қылмыстық топ қызмет көрсету, тауар тиеу және жөнелту бойынша іс жүзінде орындалмаған қызметі үшін шот-фактуралар жасаған. Материалдық өтемақы үшін қолма-қол ақша алып отырған.  

"Тергеу барысында қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асатын бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура жасағаны анықталды", - деп атап өтті Департаментте.

ҰҚТ мүшелеріне бірден бес бап бойынша қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданады. Оның ішінде - 216-баптың 3-бөлігі "Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау", 262-бабының 1-бөлігі "Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету".

Бұған дейін тура осындай оқиға болғаны хабарланған. Онда Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетті жеті миллиард теңгеге алдап кеткені айтылған еді. Олар да жалған шот-фактураларды жұмысты орындамай жызып беріп отырған. Жетісу аудандық сотының үкіміне сәйкес екі айыпталушы да 5,5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети