21 қаңтар 2022 11:18

"8 автомат, бір граната". Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz/

Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы маңындағы алаңда қару-жарақ жасырылған жерді анықтаған.

"Белгісіз біреулер сегіз автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, "Krall" маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Таразда тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында жасырған 23 жастағы тұрғын ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram