19 қаңтар 2022 12:52

Автоматтар мен гранаталар. Тараз тұрғыны гаражында қару-жарақ жасырған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Таразда тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында жасырған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментiнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында жасырған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментiнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында Тараз Полиция басқармасы қызметкерлері 24 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Ер адам ұрланған қару-жарақтарды гаражда сақтаған.

"Ол қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараж шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағандығын мойындады. Күдіктіден барлығы 10 "Макаров" тапаншасы, 4 "Калашников" автоматы мен 2 шулы граната тәркіленді", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталған. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Бұған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданында киім-кешек пен аяқкиім сататын дүкенді тонап кеткен үш ер адам ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети