23 сәуір 2015 | 13:34

90 жастағы кемпірді зорлады делінген Астана тұрғыны полициядан 8 жыл жасырынып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

90 жастағы кемпірді зорлады делінген 31 жастағы Астана тұрғыны тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Тергеу деректері бойынша, оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданында болған. Жас жігіт зейнеткер тұратын үйдің терезесін сындырып кіріп, оны зорлаған.


Иконка комментария блок соц сети

90 жастағы кемпірді зорлады делінген 31 жастағы Астана тұрғыны тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Тергеу деректері бойынша, оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданында болған. Жас жігіт зейнеткер тұратын үйдің терезесін сындырып кіріп, оны зорлаған.

Қылмыскерді іздеу жұмысы 2015 жылдың 22 сәуірінде сәтті аяқталды. Осы жылдар ішінде күдікті еліміздің әр аймағында жасырынып келген. "Осыған дейін де ол қылмыстық жауапкершілікке  тартылған. Бірақ оқиға соңы екі тараптың ымыраға келуімен аяқталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында. Ақмола облысы ІІД деректері бойынша, кезекшілік күнінде "Құқық тәртібі" шұғыл іздестіру шаралары кезінде үш қылмыскер ұсталып, бұрын жасалған 17 қылмыстың беті ашылды.

Осыған дейін Шымкентте үш ер адамға мектептің екі оқушысын зорлады деген күдік келдгені хабарланған болатын. Күдіктілер ұсталды. "Зорланған қыздардың айтуынша, оларды белгісіз үш ер адам зорлаған. Оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта олар Шымкенттегі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінде түсініктеме жазып жатыр", - деді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети