15 қараша 2017 | 11:46

Абақтыда зорланған Слекишинаның ісі: Колонияның бұрынғы басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының Түрксіб аудандық сотында ЛА-155/18 мекемесінің бұрынғы басшысы Ермек Омарбековқа қатысты сот үкімі шықты. Наталья Слекишина осы колонияда зорланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Түрксіб аудандық сотында ЛА-155/18 мекемесінің бұрынғы басшысы Ермек Омарбековқа қатысты сот үкімі шықты. Наталья Слекишина осы колонияда зорланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cот Омарбековты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігі бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") және 370-баптың 4-бөлігі бойынша ("Қызметтегi әрекетсiздiк") айыпты деп танып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.


© Tengrinews.kz

Сонымен қатар, сот оны арнайы әділет подполковнигі атағынан айырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети