Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Абақтыда зорланған Слекишинаның ісі: Сотталушыға жаңа айып тағылды

22 Қыркүйек 2016, 11:17
0
© КТК кадры
© КТК кадры

Абақтыда отырған Наталья Слекишинаны зорлады деп айыпталып жатқан ер адамға тағы бір айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісін толтырды, онда сотталушыға мына баптар бойынша жаңа айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 4-пункті (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану), 120-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау әрекеті), 146-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (Бірнеше рет азаптау). 21 қазанда мемлекеттік айыптаушы сот процессінде тараптарға жаңа айыптауларды баяндады", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірденуші сол Слекишина болып шығады. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.

Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік бергенеді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақты қызметкері ұсталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай