Абай облысында алтынды заңсыз өндіретін кен орны анықталып, 13 адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында алтынды заңсыз өндіретін кен орны анықталып, 13 адам ұсталды

Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру тоқтатылып, қылмыстық топ мүшелері ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылды. 13 "алтын іздеуші" ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, 2 келіден аса жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.

Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша "іздеушілер бригадасын" жинаған, заңсыз цехтардың иесі қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети