Абай облысында күдіктілер 46,5 миллион теңге болатын арнайы техника бөлшектерін ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында күдіктілер 46,5 миллион теңге болатын арнайы техника бөлшектерін ұрлап кеткен Фото: polisia.kz/

Абай облысында 46,5 миллион теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында 46,5 миллион теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 24 қыркүйегі мен 19 қазаны аралығында белгісіз адамдар айлакерлікпен зауыттың қабырғасын бұзып, кәсіпорын филиалының қоймасына заңсыз кірген.

"Олардың олжасы – арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектер, жалпы құны 46 568 488,41 теңге болады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында күдіктілер анықталды. Олар алдын ала келісіп әрекет еткен үш ер адам болып шықты. Жоспарлары қаншалықты батыл болса да, сәттілік ұзаққа созылмады, барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети