14 қазан 2014 | 19:12

Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырым Шалабаев. ©interpol.int Сырым Шалабаев. ©interpol.int

Мұхтар Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевтың Қазақстан қаржы полициясы тергеу жүргізіп жатқан қылмыстық іске қатысы бар. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына жауап берген аталмыш ведомствоның тергеуалды департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Олжас Ертісбаев мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевтың Қазақстан қаржы полициясы тергеу жүргізіп жатқан қылмыстық іске қатысы бар. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына жауап берген аталмыш ведомствоның тергеуалды департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Олжас Ертісбаев мәлімдеді.

"Агенттікпен бірлесіп Сырым Шалабаевтың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты тергеу ісі жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 205 бабына сай (салық режимін жүргізуде заңсыз әрекет ету) тергеу амалдары жүріп жатыр" - делінген аталмыш ведомство жіберген хатта.

Еске салайық, Сырым Шалабаев Интерпол іздестірген тұлғалар тізімінен көрінбей кеткен болатын. Оны Украина билігі іздестірген еді. Ол 2013 жылдың шілде айына дейін бұл тізімде тұрған. 

Сондай-ақ бұдан бұрын мәлім болғандай, оның Атырауда жалған құжат жасауға қатысы бары анықталған. Шалабаевтың атына Атырауда жалған паспорт жасалған. Бұл қылмыстық іске қатысты сот жеті адамды айыптаған болатын. Олардың ішінде көші-қон полициясының қызметкері Жомарт Күшәлиев те бар. Ол ірі көлемде пара алғаны үшін тоғыз жылға сотталып, мүлкі тәркіленді.

Айта кету керек, соңғы деректерге жүгінсек, Сырым Шалабаев қашып жүр. 2011 жылы Лондон соты сотқа құрмет көрсетпегені үшін оны 18 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети