29 мамыр 2024 09:24

Адам өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Адам өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Адам өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады. Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен адам өлтірген.

Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған", - делінген хабарламада.

Былтыр желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталған.

"Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды".

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети