Адам өлтіру, тонау, шабуыл: ауқымды операция барысында 284 адам ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктері бірге іздеуде жүрген адамдарды ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктері бірге іздеуде жүрген адамдарды ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының ІІМ-мен өзара іс-қимыл барысында Бішкекте 39 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол 13 жыл бұрын Жамбыл облысында жасалған топтық зорлауға қатысқаны үшін іздеуде жүрген.

Ресей Федерациясы ІІМ Қылмыстық іздестіру бас басқармасымен ынтымақтастық нәтижесінде Сочиде 22 жастағы қазақстандық құрықталды. Ол Жетісу облысының аумағында бірқатар интернет-алаяқтық жасағаннан кейін жасырынып келген.

Павлодар облысы ПД жедел-іздестіру тобы ресейлік әріптестерімен бірге Грозныйда 52 жастағы ер адамды ұстады. Ол 1996 жылы Павлодар облысының Бобровка ауылында жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасаған.

Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында Өзбекстанның 47 жастағы азаматы құрықталды. Ол өз жұбайын өлтіріп, жасырынып жүрген.

Елордада Германияның 58 жастағы азаматы ұсталды. Күдікті Гамбургте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін өз елінің Интерполымен іздеуде жүрген.

Одан бөлек, адам өміріне қастандық жасағаны үшін Түркияның құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жүрген 33 жастағы шетелдік құрықталды.

Өзбекстан ІІМ-мен бірге жамбылдық полицейлер Байзақ ауданында көрші елдің 46 жастағы азаматын ұстады. Ол 2009 жылдың қаңтарынан бастап адам саудасы үшін іздеуде болған.

Алматы облысы ПД қызметкерлері өткізген іс-шаралардың нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданында кісі өлтіру қылмыстары үшін іздеуде жүрген аталған ауданның 33 жастағы және 27 жастағы тұрғындары ұсталды.

Жоғалып кеткен 56 адам табылды

Хабар-ошарсыз кеткен 56 адамның, оның ішінде 10 кәмелетке толмаған баланың жүрген жері анықталды. Мысалы, Түркістан және Маңғыстау облыстарының ПД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында 31 наурыз күні үйінен шығып кеткен 15 жасар қыз Ақтауда табылды.

Жедел іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша іздеуде жүрген 284 қылмыскер ұсталды:

  • кісі өлтіргені үшін – 7;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 9;
  • қарақшылық шабуылдар үшін – 6;
  • тонау үшін – 5;
  • есірткі қылмыстары үшін - 13.

Оның ішінде республикадан тыс жерлерде 32 ұсталған, басқа елдерге 164 қылмыскер берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro