09 маусым 2014 20:29

Адамдарды қағып кеткен жүргізуші екі сағаттан кейін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Полиция қызметкерлері екі сағаттың ішінде Шығыс Қазақстан облысында адам өліміне апарып соқтырған жол көлік оқиғасының себепкерін ұстады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Полиция қызметкерлері екі сағаттың ішінде Шығыс Қазақстан облысында адам өліміне апарып соқтырған жол көлік оқиғасының себепкерін ұстады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Еске салайық, 7 маусымда Өскемен-Семей автокөлік жолында Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі екі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан болатын. Апат салдарынан Ұлан ауданының 42 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты. Ал облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Жол көлік оқиғасына себепкер болған адам жедел түрде анықталып, оны полицейлер екі сағаттың ішінде ұстады. Ол Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты екі бап бойынша (жол көлік қозғалысын бұзып, кісі өліміне апарып соқтырғаны үшін және оқиға орнынан із суытқаны үшін) қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, 8 маусым күні Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Шемонаиха тас жолында тағы бір жол көлік оқиғасы болып, ВАЗ-21099 және ВАЗ-21217 көліктері соқтығысқан. ВАЗ-21099 көлігінде болған 35 жастағы әйел алған жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмды. Жол көлік апатынан тағы да бес адам және екі айлық нәресте түрлі дене жарақаттарын алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети