08 қаңтар 2015 | 17:06

Адамжегіш Жұмағалиевтің оныншы құрбаны жайлы мәліметтер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Жұмағалиев. 1992 жылы түсірілген шұғыл түсіріліп кадры Николай Жұмағалиев. 1992 жылы түсірілген шұғыл түсіріліп кадры

Адамжегіш Николай Жұмағалиевтің оныншы құрбанына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. "Керек.info" басылымы 24 жылдан соң әшкереленіп дәлелденген қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Адамжегіш Николай Жұмағалиевтің оныншы құрбанына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. "Керек.info" басылымы 24 жылдан соң әшкереленіп дәлелденген қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндайды.

62 жастағы маньяк Николай Жұмағалиевке 2014 жылғы желтоқсанның 29-ы күні Ақтөбенің мамандандырылған қылмыстық соты үкім шығарды. Алайда бұл сот процесіне адамжегіштің өзі қатысқан жоқ. Ақтөбелік тергеушілер Алматы облысының Ақтас ауылындағы жүйке ауруларын емдейтін клиникаға өздері бірнеше мәрте барып келген.

Атышулы маньяктың полициядан бой тасалап жүріп, жолы Ақтөбеге де келгенін полиция кездейсоқ білген. Бұл деректі тергеушілер мұрағат материалдарын ақтарып отырып, тауып алған. Адамжегіштің "қолтаңбасы" көздеріне оттай басылған соң  тергеушілер былтыр жазда бұрынғы істі қайта көтереді. Қылмысты қайта тергеу барысында сарапшылар қыздың мәйітіндегі сперманың Николай Жұмағалиевке тиесілі екендігін анықтады. 

Ақпарат құралының мәліметінше, Николай Жұмағалиевтің оныншы құрбаны - Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғыны. Ол Ақтөбедегі медицина колледжінде оқып жатқан. 

"1990 жылғы маусым айында Жұмағалиев біздің қаламызға Бішкек - Ақтөбе пойызымен келіп жеткен", - деді мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиева сот процесі кезінде. Қас қарая қаланы аралап, кезекті құрбанын іздеген маньяк Горький көшесінің бойында (қазіргі Асау Барақ көшесі) жас қызға көзі түседі. Медицина колледжінің оқушысы Ақтөбеде үй жалдап тұрған. Жұмағалиев жас қыздың басқан ізін аңдып жүріп, тұрғылықты жайын да біліп алады. Ел аяғы басылған түнгі сағат 2-лерде адамжегіш дуалдан асып түсіп, студенттің жалдамалы пәтеріне терезеден кіреді. Бұл сәтте бойжеткен қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан. Жұмағалиев студенттің ауызын жауып, арам ойын жүзеге асырады.

Мемлекеттік айыптаушының сөзіне қарағанда, жас қыздың денесіне ол аяусыз пышақ сұққылап өлтірген. Ескі құжаттарды көтерген тергеушілер марқұмның денесіне 20 жерден пышақ салынғанын, тағы 8 жерінде пышақ жарақаты бар екенін анықтады. Студенттің жаны шыққанын сезген қанішер алдымен оны зорлап, содан кейін басын кесіп алған. Түн ортасында айқай-шудан оянып кеткен студент қыздың көршілері маньякты ұстап алмақшы болып әрекет етеді, бірақ ол "қолымда тапаншам бар деп қорқытып, тайып тұрады. 

Басылым журналистері Жұмағалиевтің құрбаны жалдап тұрған жеке үйді көріп қайтты. Ескіре бастаған бірқабатты үйдің тұрғындары осыдан 24 жыл бұрынғы жантүршігерлік қылмыстан мүлдем хабарсыз. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде студент қыздың өліміне қатысты жаңа деректердің 24 жылдан кейін анықталғаны хабарланған еді. Сараптамашылар қыздың денесіндегі биологиялық үлгілердің әйгілі каннибалға тиесілі екенін дәлелдеді, қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс Николай Жұмағалиевке қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолданды. Бұрындары оның құрбандарының қатары тоғыз адам делінетін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети