13 ақпан 2017 | 13:12

Адвокат Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Адвокат Атыраудағы 23 жастағы жігіттің өлімінің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Атыраудағы 23 жастағы жігіттің өлімінің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, осыған дейін Желіде Атыраудағы кісі өлтіру оқиғасының видеосы пайда болған еді. Қылмыс 6 ақпанда қала орталығындағы кафелердің бірінің маңында болған. Марқұм мекемеден шыққан кезде оған екі адам шабуыл жасаған.

Адвокат Айдос Ибрайымовтың айтуынша, бастапқыда екі жігіт оны ұрып-соғып, кейін олардың біреуі қаза тапқан Қожақанат Нұржановтың кеуде қуысына бірнеше рет пышақ тыққан.

Олар осыған дейін таныс болмаған. Жігіттердің арасындағы жанжал дәмханада шыққан. Содан олар татуласқандай болған. Алайда кейін олар Қожақанат Нұржановты көшеге алып шығып, соққыға жыққан. Жігіттің өліп қалғанына көзі жеткен сәтте олар оқиға орнынан қашып кеткен", - деп келтірді өз нұсқасын адвокат Айдос Ибрайымов.

Қаза тапқан Қожақанат Нұржановтың 23 жаста болғаны белгілі болды. Оның артында отбасы, кішкентай баласы қалды. Еске сала кетейік, осыған қатысы бар жігіттердің ұсталғаны хабарланған болатын. Алайда олардың біреуі қазіргі уақытта кепілақымен босатылыпты. Екінші жігіт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша күдікті деп танылып отыр. Ол қамауға алынды.

Сондай-ақ, адвокат марқұмның отбасының күдікті айыпталып отырған бапты өзгертулерін - ҚР  Қылмыстық кодексінің 99-бабының "Қылмыстық топ жасаған, сол сияқты төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалған адам өлтiру" тармағына өзгертуді талап еткенін мәлімдеді. Олар өңірлік прокуратураға өтініш түсіріпті.


Қаза тапқан Қожақанат Нұржанов.

"Қожақанат ата-анасынан ерте айырылды. 5 жасынан бастап менің қолымда болды, қамқоршылығыма алдым. Оқыттық, жекеменшік компанияда жұмыс істеді. 2014 жылы үйленді, баласы дүниеге келді. Біз екінші адамның бостандықта жүруіне байланысты прокуратураға өтініш қалдырдық", - деді қаза тапқан жігіттің әпкеісі Әсел Сәрсенбаева.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктілердің қаншалықты кінәлі екені анықталады", - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети