02 қыркүйек 2016 | 14:10

Адвокат Есіктегі қыз зорлау ісінде тергеушінің түсініксіз делінген әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есікте қыз зорлады деген күдіктілер "Топ болып алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау" бабы бойынша 2 айға қамауға алынды, себебі қылмыстардың хронологиялық тәртібінде осы қылмыс бірінші жасалған. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне тәуелсіз адвокат Владислав Мадзигон айтты. Ол оқиғаны сырттай бақылап отырғанын және іске қатысының жоқ екенін атап өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Есікте қыз зорлады деген күдіктілер "Топ болып алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау" бабы бойынша 2 айға қамауға алынды, себебі қылмыстардың хронологиялық тәртібінде осы қылмыс бірінші жасалған. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне тәуелсіз адвокат Владислав Мадзигон айтты. Ол оқиғаны сырттай бақылап отырғанын және іске қатысының жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін жәбірленушінің анасы қызының 14 тамызға қараған түні зорланғанын мәлімдеген болатын. Бұл оқиға мерекеде қыз бауырымен бірге кафеден шыққан кезде болған. Төрт жігіт бауырын ұрып-соғып, ал қызды алып кеткен. Оқиғадан кейін күдіктілер ұсталған. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау", "Адам ұрлау", "Сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер", "Бұзақылық" баптары бойынша тергеуді басталған. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. 

Оқиғадан кейін тергеушілер соттан күдіктілерді қылмыстық істі тергеу уақытына қамауды сұраған болатын. Сөйтіп, Есікте қыз зорлады деген күдіктілер "Адам ұрлау" бабы бойынша 2 айға қамауға алынды. Бұл әрекет көптеген оқырманның наразылығын туғызған. Себебі тергеуші сотқа өтінішінде "Зорлау" бабы емес, "Адам ұрлау" бабын көрсеткен. Адвокат Мадзигон қылмысты тергеу барысында күдіктілерді қамауға алу тәртібін түсіндірді. "Қамау үшін негіз керек, бұл адам соттан жасырынуы мүмкін деген күдік қажет. Не жазалау мерзімі баптың санкциясы бойынша бес жылдан аспауы керек. Бұл жағдайда "Зорлау" және "Адам ұрлау" баптары 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, себебі күдіктілерге қылмысты топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы жасады деген айып төніп отыр. Негізінде айырмашылық айтарлықтай емес, тергеуші сотқа қандай бап бойынша өтініш түсіргені маңызды емес. Айтып өтейін, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының (Адам ұрлау) негізінде қамау алу басқа баптары тергелмейді деген сөзді білдірмейді. Қазір барлық қылмыс бір уақытта, бір өндірісте тергеліп жатыр", - деді адвокат. 

Ол тергеушінің сотқа өтініш түсіргенінде "Адам ұрлау" бабын келтірген болуы мүмкін екендігін топшылады. "Жәбірленушілердің айтуынша, бірінші кезекте адам ұрлау дерегі болған. Тергеуші осы жағдайда қылмыстардың ретін дұрыс қойған. Тергеу әрекеттерінің қорытындысында ол айыптау актісін жасайды. Ол онда күдіктілердің бірінші қылмысты 125-бап бойынша жасағанан, содан кейін ғана 120-бап бойынша, яғни "Зорлау" бойынша сипаттайды. Екі айға қамауға алу - қалыпты мерзім. Тергеу одан бұрын да аяқталуы мүмкін. Бірақ ұзаруы да ғажам емес (...)", - деді тәуелсіз адвокат. 

Ал өз кезегінде жәбірленушінің анасы Гүлбадар Мусинова Жібектің жағдайы жақсы екенін айтып отыр. "Психолоиялық жағынан да жақсарды. Қуаныштымын. Қазір ол Есікте. Ол ауруханадан шығарылды, бірақ ол реабилитация үшін психологқа барып тұрады. Туыстарымыз бізге қолдау білдіріп отыр. Көршілеріміз де", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети