"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді Еркін Ізбасар

"Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшесінің ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшесінің ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап. 

"Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасар мен тағы басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді", - деп жазды Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында. 

Бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") және 262-бабының 2-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша күдік келіп отыр.

Қылмыстық іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Антикоррупциялық қызмет және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облыстық прокуратурасының процессуалды прокурорларының жетекшілігімен жедел тергеу тобы құрылған. 

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети