Ақтөбеде "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы деп есептелетін Еркін Ізбасар судьяның сұрақтарына жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы деп есептелетін Еркін Ізбасар судьяның сұрақтарына жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соталушы сұрақтарға құлықсыз жауап беріп, басының ауырып отырғанын айтты. Еркін Ізбасар балалырның аты мен туған жылын айтып бере алмады.
"Біліміңіз қандай? - деп сұрады судья Ахметқали Молдағалиев. "Жоғары, екі рет жоғары", - деп жауап берді Ізбасар. "Отбасылық жағдайыңыз, балаларыңыз бар ма?" - деп жалғастырды судья. "Үйленгенмін. Бар", - деді сотталушы. "Балалардың аты-жөнін, туған жылын атап беріңіз", - деді судья. "Басым ауырып отыр, қазір. (...) Қазір, есімде жоқ екен", - деді Ізбасар.
Бүгін 20 қарашада Ақтөбенің мамандандырылған қылмыстық істер бойынша сотында "Ағайынды төртеу" ұйымдастқан қылмыстық тобының ісі бойынша отырыс өтіп жатыр. Сот алдында 26 адам жауап беруде, олардан 22 адам қамауға алынған. Сот ғимараты маңын арнайы жасақ күзетіп жүр. Журналистер сот процесін көрші бөлмеден видеобайланыс арқылы бақылауда.
Еркін Ізбасардың адвокаты тергеу абақтысына қамау түріндегі бұлтартпау шарасын жеңілдеу түріне ауыстыруды сұраған. Өйткені айыпталушы кемтар, арбаға таңылған адам бір жыл бойы серуенге шыға алмай, моншада жуына алмай жүр.
Сот отырыс әлі жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровдың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.