Әйелдің мұрнын тістеп алған оралдық алты жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдің мұрнын тістеп алған оралдық алты жылға сотталды ©Ярослав Радловский

Орал тұрғыны біреудің мұрнын тістеп, жұлып алғаны үшін алты жылға сотталды, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал тұрғыны біреудің мұрнын тістеп, жұлып алғаны үшін алты жылға сотталды, - деп хабарлайды "Мой город".

Бүгін, 6 тамыз күні Орал қалалық соты 28 мамырда өз танысының мұрнын қыршып алған 46 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. "1968 жылы Саратов облысында туған сотталушы "Ауыр дене жарақатын келтіру" бабында қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылды және оған жалпы режимдегі колонияда алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Тұтқындау бұлтартпас шарасы сол күйінде қалады. Жария етілгенінен 15 тәулік ішінде сот үкіміне шағым келтірілуі мүмкін", - деп хабарлады судья Гүлнара Гимадутдинова.

Тістелген мұрын үшін сотталушы мемлекет қазынасына 47 361 теңге төлеуі тиіс. Жәбірленушінің емделуіне сонша қаржы кеткен. Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда 28 мамыр күні болған осы оқиғаға қатысты сот процесінің басталғаны хабарланған еді. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, айыпталушы Желаево елді мекеніндегі "Казвторчермет" компаниясының ғимаратына келіп, қызмет бөлмесінде отырған әйелді басынан ұстап, үстелге соққан.

Содан кейін ер адам әйелді шашынан тартып, мұрнының ұшын тісімен жұлып алған. Ауруханада дәрігерлер мұрынның жұлынған бөлшегін тігіп бермек болды, бірақ бұл операция нәтиже бермеді. Жәбірленушіге бірнеше пластикалық операция жасалды. Қылмыстың себебі беймәлім.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети