Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Әжесін өлтіріп, үйді өртеп жіберген: Алматыда 18 жастағы күдікті сотталды 12 тамыз 2022, 11:48

Алматыда 18 жастағы жасөспірім өз әжесін өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыда 18 жастағы жасөспірім өз әжесін өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, 2020 жылдың қарашасында Медеу ауданындағы жеке үйлердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнында әйелдің денесі табылады. Сот-медициналық сараптама өлім жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан болғанын көрсетті. Бұған ток соғуы себеп болған.

Сараптама қорытындысы бойынша, өрттің шығуына электр ұзартқышының апатты жағдайда жұмыс істеуі себеп болған. Барлық сараптама қорытындысын ескере отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тергеу тоқтатылған.

"Алайда кейін қылмыстық іс материалдарын зерделеп, марқұмның туыстарының уәжін бағалаған прокурорлар қосымша тергеу жұмыстарын бастады. Қадағалау органының нұсқауымен мәйіт эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама комиссиясы тағайындалды. Сондай-ақ, басқа да бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді", - деді прокуратура өкілдері.

Қосымша сараптама әйелдің өліміне қылқындыру кезіндегі механикалық асфиксия себеп болғанын көрсетті.

"Марқұмның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінген, ол өз кінәсін мойындап, сол күні отбасылық жанжал кезінде әжесін қылқындырып өлтіргенін айтты. Үйдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың ізін жасыру үшін қасақана өрт шығарған", - деді қадағалау органы өкілдері.

Сот үкімі бойынша айыпталушы адам өлтіргені және мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram