20 қыркүйек 2023 | 17:48

Аккаунттардың көшірмесін жасаған: Шымкентте кибералаяқ сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Шымкентте бөтен аккаунттарды көшіріп тұрғындарды алдаған кибералаяқ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте бөтен аккаунттарды көшіріп тұрғындарды алдаған кибералаяқ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай аудандық полициясына интернет-алаяқтық туралы арыз түскен. Жергілікті тұрғынның айтуынша, досы әлеуметтік желіде одан қарызға ақша беруді сұрап жазған. Ол қиын жағдайда екенін және бірнеше күннен кейін барлық соманы қайтаратынын айтады. Ер адам ақшаны ол көрсеткен есепшотқа аударған. Біраз уақыттан кейін досымен кездескен қала тұрғыны онымен мүлдем хат жазыспағанын біледі.

Осы арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер жедел іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстаған.

Қыз тағы бір тұрғынды дәл осындай жолмен алдағаны анықталды. Шабуылшы өзінің құрбандарының әлеуметтік желідегі парақшаларын мұқият зерттеп, достарының атымен аккаунттар ашқан. Сонымен қатар, ол басқа адамдардың профилінен жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланған, бұл жәбірленушілердің санасында ешқандай күмән тудырмаған.

Абай аудандық полиция басқармасының тергеушілері іс материалдарын барлық жиналған айғақтармен бірге сотқа жіберді. Қыз алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети