29 қаңтар 2015 | 16:51

Ақмола облысында 1400-ден астам адам әйелдерге қоқан-лоқы көрсеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Listopedia.ru ©Listopedia.ru

Ақмола облысында 2014 жылы әйелдерге қатысты заңға қайшы әрекетке барғаны үшін 1400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында 2014 жылы әйелдерге қатысты заңға қайшы әрекетке барғаны үшін 1400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай оқиғаларға, негізінен, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы жанжалдар мен жеккөрініш себеп. Әрбір бесінші қылмыс алкогольден мас күйде жасалады және әйелдерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге қызғаныш та жиі себеп болады.     

"Әрдайым өткізіліп отыратын алдын алу шараларының нәтижесі өз пайдасын әкеліп жатыр. Өткен жылы әйелдерге дене зақымын келтіргені үшін 227 құқықбұзушы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңға қайшы әрекеттері үшін 1463 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

Бұған қоса, отбасында жанжал шығаратын 2468 еркекке қатысты әйелдерді іздестіруге, аңдуға немесе телефон шалуға тыйым салу ұйғарымы енгізілді. Бұл ережелерді бұзған 46 адам жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, мұндай оқиғалар республиканың барлық дерлік өңірінде жиі тіркеледі. Тұрмыстық жанжалдардың арты өлімге соқтырып жатады. Мәселен, осыған дейін Алматы облысында алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуінің пышақтап өлтіргені жайлы хабарланған болатын. Ұрыс-керіс пен алауыздықтан өз отбасынан бөлек тұрып келген азамат әйелінің алты баланы балалар үйіне өткізгенін білгеннен кейін оны ұрып-соғып, пышақтаған. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан кейін ол қылмысын жасырмақ ниетте мәйіт пен оның жеке құжаттары мен қылмыс жасаған құралдарын түрлі жаққа апарып көмген. Бірақ өз айыбын мойындап, аудандық ішкі істер басқармасына барған.

Осыған ұқсас жағдай өткен жылдың сәуір айында Орал қаласында да болды. Орман алқабындағы "ВАЗ-2101" автокөлігінің ішінен полицейлер мойны пышақпен кесіліп, мерт болған 25 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қаза тапқан қыздың қасында 30 жастағы ер адам болған. Полицейлер бұл жігіттің де көкірек тұсы мен іші жараланғанын анықтады. Тәртіп сақшылары келгенде әйелі өлі күйінде, ал ер адам жаралы күйінде табылды. Ауыл тұрғындары тәртіп сақшыларына ерлі-зайыптылардың ажырасуды жоспарлап жүргенін де айтты. Ерлі-зайыптының екі кішкентай баласы бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer