12 қаңтар 2015 | 12:14

Ақмола облысында 3 күнде 44 мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©TengrinewsTV ©TengrinewsTV

Ақмола облысында үш күннің ішінде 44 мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында үш күннің ішінде 44 мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптаның демалыс күндері облыстың полицейлері "Мас жүргізуші" арнайы операциясын жүргізіп, нәтижесінде 1006 адамның жолда жүру ережесін бұзғаны, 44 адамның мас күйінде көлік жүргізгені, 152 адамның жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және 359 адамның қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Сонымен қатар 140 жаяу адамға айыппұл салынды.

Айта кетейік, Ақмоланың жол-патруль қызметінің мамандары 9 - 11 қаңтар аралығында күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді, жедел алдын алу шарасын өткізу үшін полицияның мыңнан аса қызметкері жұмылдырылды, шара аясында осы өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдың барлығы қамтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа жылдың алғашқы екі күнінде Солтүстік Қазақстан облысында 14 мас жүргізушінің ұсталғаны хабарланған болатын. Екі күн ішінде жол ережесін бұзудың 300-ге жуық дерегі тіркелді. 


 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети