21 шілде 2015 | 16:18

Ақмола облысында әкім әйелді өлтірді делінген күдікті 12 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ақмола облысында әкім әйелді өлтірген күдікті 12 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында әкім әйелді өлтірген күдікті 12 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының тергеу судьясы Жақсы аудандық ІІБ тергеушісінің ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына сәйкес, айыпталушы Батенов Бағдатқа қатысты қамаққа алу түріндегі санкция беру туралы өтінішін қарады.

"Сот анықтағандай, Жақсы аудандық ішкі істер бөлімімен ауылдық округтің әкімін өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды және сол қылмыс бойынша күдікті ретінде Батенов ұсталды. Алдын ала тергеу органдарымен Батенов аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда, ол үшін заңмен 12 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ол тұрғылықты мекенжайы бойынша теріс қылықты адам болып сипатталады, айғақтар беруден бас тартты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы мән-жайларды ескере отырып, тергеу судьясы Батеновке қатысты 2 ай мерзімге қамаққа алу түрінде санкция берді, себебі ол бостандықта жүрсе қылмыстық іс бойынша тергеу жұмысына кедергі келтіреді, сонымен қатар, сот пен тергеуден бой тасалауы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Белағаш ауылдық аймағын басқарған Яна Крыльді тура жұмыс кабинетінде ер адамның пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Оқиға 14 шілде күні сағат 20.05-те болды. 1978 жылғы азамат ауыл әкімдігінің ғимаратында Белағаш ауылдық округінің әкімі, 1982 жылы туылған азаматшаға пышақ салды. Осыдан кейін ол өзінің мойын тұсына пышақ сұқты. Алған жарақаттарынан әкім ауруханада есін жиғаннан кейін көз жұмды. Ал ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді және оған қаруланған күзет қойылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети