Ақмола облысында алданған зейнеткерлерден қомақты ақша алған "курьер" ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында алданған зейнеткерлерден қомақты ақша алған "курьер" ұсталды polisia.kz

Ақмолалық зейнеткерлерден ақша алған дроппер елордада қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық зейнеткерлерден ақша алған дроппер елордада қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір күнде астаналық азамат Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақша алып үлгерген. Ақмола полицейлері "курьерді" Астана қаласындағы тұрғылықты жерінен ұстады.

12 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық дерегі бойынша бірден үш өтініш түсті. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты. Өтініш берушілердің айғақтары да ұқсас болды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалар жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлағаннан кейін, алаяқтар мәселені шешулері үшін белгілі бір ақша сұраған.

"Дабыл қаққан қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшаларын берген. Екі жағдайда 1 миллион теңгеден, үшіншісінде алаяқтарға берілген ақша 1,2 миллион теңге болған. Ұсталған адам бұл ақшаны алып, содан кейін аталған шоттар бойынша алаяқтарға аударып, пайызын алып қалған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында дроппер қылмыс жасап жатқанын білсе де, ақшаны қайдан және қай уақытта алуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды өзінің жұмыс берушісінен алғаны анықталған. Барлық үш дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеп-тексерулер жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети