Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақмола облысында ата-ананың қарауынсыз жүрген 13 жасөспірім табылды

23 Желтоқсан 2014, 12:02
0
©Politicalhotwire.com
©Politicalhotwire.com

Ақмола облысының полицейлері ішкі істер органдарына бір тәулікте кәмелетке толмаған 68 баланы жеткізді, оның 13-і ата-анасының қарауынсыз жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасөспірім" республикалық арнайы операциясының бірінші күнінде 68 жасөспірім ұсталды, оның 55-і әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, 13-і қаңғыбастықпен күн көріп жүрген. Облыстық ІІД полицейлерінің мәліметінше, бала тәрбиесінде міндетін атқармаған 18 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде 162 дәріс пен әңгіме өткізілді.

"Сонымен қатар, осы жылы жағдайы нашар 595 отбасының тізімделгенін айта кету керек, бұл жанұяларда ата-аналар бала тәрбиесіндегі міндеттерін атқармай, асырамай, алкогольді ішімдік ішеді және анайы өмір сүреді", - делінген хабарламада. Мұнымен қатар, 140 әке мен шеше ата-ана құқынан айырылып, 66-сы ата-ана құқынан шектелді. Балаларға қатал қарады деген 7 қылмыс анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Бір жылда жүрген рейд шаралары кезінде жалпы 3100-ден астам жасөспірім ішкі істер органына жеткізілген. 

Айта кетейік, 22 желтоқсанда басталып, үш күнге жалғасатын "Жасөспірім" республикалық арнайы операциясына шамамен 600 адам қатысып жатыр. Бұл қатарға ювеналды полиция бөлімшелерімен бірге қылмыстық істер полициясының қызметкерлері, Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері, облыстың мұғалімдері, "Нұр Отанның" жастар қанатының өкілдері және қоғамдық ұйым өкілдері қосылған. Тәртіп сақшылары үш күн ішінде рейд шараларын өткізеді, жағдайы нашар отбасылардың үйіне барады, ойын-сауық мекемелерін тексереді. Сонымен қатар жалпы білім беру мектептерінде, лицейлер мен колледждерде әңгімелер жүргізеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай