Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Егіндікөл аудандық сотына сілтеме жасап. Сот оларды 7 жылға соттады.
Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Егіндікөл аудандық сотына сілтеме жасап. Сот оларды 7 жылға соттады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот Егіндікөл аудандық ауруханасының бюджеттік қаржысын жымқырды деп айыпталған бас есепші мен бас дәрігерге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот бас дәрігер мен бас есепшінің алдын ала сөз байласып, қылмыстық жоспар құрастырып, мемлекеттік сатып алу туралы жалған келісімшарттар жасап, бюджеттік қаражатты заңсыз жолмен жеке кәсіпкерлердің есепшоттарына аударып және бөлісіп отырғанын аңықтады. Олар мемлекетке 23 257 003 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
"Сот бас дәрігер мен бас есепшіні ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 4-бөлігі, "б" тармағында көзделген қылмысты жасағандары үшін, яғни сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алып, ысырап еткендері үшін кінәлі деп танып, материалдық жауапты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырды. Сот олардың әрқайсын 7 жылға соттады, олар жазаларын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болады және мүліктері тәркіленеді", - делінген соттың хабарламасында.
Сонымен қатар, сот үкімімен бас есепші мен бас дәрігер Егіндікөл аудандық ауруханасының пайдасына келтірілген материалдық шығынды өтейтін болады.