Ақмола облысында бас маман жарты миллион теңге пара алды

25 Маусым 2014, 16:04
0
Ақмола облысында бас маман жарты миллион теңге пара алды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қаржы полициясы Ақмола облысы Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманын пара алып жатқан жерінде ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 маусым күні Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Щучинск қаласында Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманын доңғалақ жөндеу шеберханасы ғимаратының иесінен 550 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін ұстады", - делінген хабарламада.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде бопсалау жолымен келген 550 мың теңгені мемлекеттік қызметкердің Бурабай елді мекенінде доңғалақ жөндеу шеберханасын іске қосу мәселесін оң шешіп беру үшін және меншік иесін заңсыз нысан тұрғызғаны үшін жауапкершілікке тартпау үшін алғаны анықталды. 

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-бөлігінің "а" тармағымен (Бопсалау жолымен пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Бас маман тұтқынға алынды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай