08 сәуір 2015 16:55

Ақмола облысында бұрын істі болған екеу зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sibdepo.ru © Sibdepo.ru

Ақмола облысында 64 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі жігітті ұстады.


Ақмола облысында 64 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі жігітті ұстады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Бурабай ауданында болған. Зейнеткер пәтерінің есігін кешкі уақытта келіп қаққан белгісіз біреулер өздерін көршілерміз деп таныстырыпты.

"Зейнеткер есікті ашар-ашпастан пәтерге екі жігіт кіріп келген, біреуінің қолында тапанша болыпты. Олар бірден ақша іздеп, түк таппаған. Пәтерден шығып бара жатып ішінде 10 мың теңгесі бар әмиянды алып кеткен", - делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметтері бойынша, шұғыл-іздестіру шарасы барысында 20 және 23 жастағы екі күдікті Щучинск қаласының аумағында әшкереленіп, ұсталды. Айта кетейік, ұсталғандардың бұған дейін істі болғаны анықталып отыр. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, екеуі де қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда өзін банк қызметкері деп таныстырған алаяқтың зейнеткердің 2 миллион теңгеден астам қаражатын тонап кеткені хабарланған болатын. Полицияға қаланың 89 жастағы зейнеткері хабарласып, 1 наурыз күні 30-35 жас аралығындағы белгісіз біреудің өзін банк қызметкері деп таныстырғанын айтты. Алаяқ әйел кейуанаға соңғы айда зейнетақының дұрыс түспегенін, сондықтан қосымша 2 мың теңге көлемінде ақша жіберілгенін ескерткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети