Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киімді көздеп қылмыс жасаған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киімді көздеп қылмыс жасаған Midjourney

Ақмола облысында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аршалы аудандық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметінше, М. 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін екі рет сотталған. 2025 жылғы тамызда мал бақташы болып жұмыс істейтін ол осыған ұқсас қылмысты тағы да қайталаған.

112 нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Оқиға орнына уәкілетті қызметкерлер жіберіліп, тексеріс барысында террористік акт туралы ақпарат расталмаған.

Сотта М. кінәсін мойындаған. Оның сөзінше, қазір тұрақты тұратын жері болмауына байланысты бас бостандығынан айырылғандарға арналған мекемеде тегін тамақ пен киім болатынын көздеп, осындай қадамға барған.

Сот үкімімен М.-ға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети