Ақмола облысында интернаттағы балалар соққыға жығылды: полиция түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында интернаттағы балалар соққыға жығылды: полиция түсінік берді Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Ақмола облысындағы интернатта балалар жәбір көріп жатқаны түсірілген видео тарады. Аймақ полициясы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Ақмола облысындағы интернатта балалар жәбір көріп жатқаны түсірілген видео тарады. Аймақ полициясы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан екі баланы бойы ұзындау ұлдар ұрып жатқанын көруге болады. Онда бейәдеп сөздер де айтылады. Балалардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп тұр. 

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 21 қазанда Степногорск мектеп-интернатында болған. 

ҚК-нің 141-бабы 1-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 2021 жылдың 21 қазанында облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8-сынып оқушыларының үшеуі 7-сынып оқушысын жеке келіспеушіліктеріне байланысты жаралаған және оны телефонға түсірген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Назар аударыңыз! Әдепсіз сөздер айтылады

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.original

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети