Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды Фото: polisia.kz

ІІМ Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаған ҰҚТ қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаған ҰҚТ қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысындағы арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады. Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін.

Қоқан-лоқы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандардың жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 миллион теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды. Бүгінде ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталған.

Жедел ақпарат бойынша, бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер "ұрылар идеологиясын" ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған.

Сондай-ақ, топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған.

Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді.

Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети