Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған адам ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған адам ұсталды

Ақмола облысында жүрген Ресей азаматына қос азаматтығы үшін айыппұл салынуы мүмкін немесе елден шығарылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жүрген Ресей азаматына қос азаматтығы үшін айыппұл салынуы мүмкін немесе елден шығарылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қаңтарда Ақкөлде көші-қон заңнамасын бұзу дерегі тіркелген. Көші-қон қызметі қызметкерлері Ресейдің 23 жастағы азаматын анықтаған. Ол үш жыл бойы екі мемлекеттің - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып келген.

Полицейлер 2019 жылы Ресейге оқуға түскен қыз Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұзып, ҚР Ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақытылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылу бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтаған. Шетелдікке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Санкцияға сәйкес, құқықбұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылады.

Материалдар сотқа жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети