Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған

Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда қарақшылар дүкендегі барлық бағалы затты тонап, еденді тесіп шыққаны көрінеді.

"Бүгін түнде қалалық базар маңындағы "Золотинка" зергерлік дүкені тоналды. Сөрелерде ештеңе қалмаған. Шамамен жүз миллионнан аса шығын болуы мүмкін. Облыстық полицияның баспасөз қызметі ұрлық дерегін растады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Толық мәлімет кейінірек беріледі", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СТЕПНОГОРСК НЕ СПИТ (@step_notsleep)

Желі қолданушылары дүкенде күзеттің жоғына таңғалып пікір қалдырған.

"Мынадай жерлерде күзет түні бойы жұмыс істеу керек емес пе? Міне, жауабы. Мынадай жерлерді түні бойы күзету керек. Тіпті шағын ломбардтарда да күзет бар. Тым болмаса, қозғалыс датчигі немесе дабыл болуы керек қой. Сұмдық, әрине, бірақ қалай ойлап тапқан", "Ұзақ дайындалғаны көрініп тұр", "Келісіп алған сияқты, әйтпесе ештеңе сынбаған ғой", "Кинодағыдай", - деп жазған олар.

Сондай-ақ басылым авторлары Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрлық дерегін растағанын, тергеу басталғанын атап өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети