10 желтоқсан 2018 10:49

Ақмола облысында мал ұрлады деген күдікпен үш күн ішінде 16 адам ұсталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ақмола облысының полицейлері үш күнде 20-дан аса мал ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысының полицейлері үш күнде 20-дан аса мал ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Департаменттегілердің мәліметінше, үш күн бойы полицейлер мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 80-нен аса көлікті тексерген, 13 құжатсыз тасымалдау дерегі анықталған.

"Мал ұрлау" жедел алдын-алу шаралары барысында 20-дан аса мал ұрлығы анықталған, олардың 18-і "былтырғы" санатқа жатады. Осыған байланысты 16 қылмыскер ұсталды.

"Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 236 ірі қара мал табылып, иелеріне қайтарылды. Мысалы, Есіл ауданында полиция қызметкерлері Орловка тұрғынына қарашада жоғалған 44 жылқысын қайтарып берді. Мал иесінің айтуынша, шығын шамамен 3,5 миллион теңгеге жеткен. Жылқылар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші Жақсы ауданынан табылды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети