11 шілде 2021 | 17:19

Ақмола облысында медицина қызметкері жалған вакцинация құжатын жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында медицина қызметкері жалған вакцинация құжатын жасағаны үшін күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында медицина қызметкері жалған вакцинация құжатын жасағаны үшін күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың маусымында полиция бөлімшелерінің біріне медициналық мекеме басшысына қатысты осы мекеменің медицина қызметкері" Вакцинация" ақпараттық жүйесіне вакцинациядан өткені туралы жалған мәліметтер енгізгені туралы хабарлама келіп түсті", - деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Ведомство өкілдері бұл дере бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.  

"Іс бойынша қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді полиция өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін елдің үш өңірінде вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер ұсталған болатын. Ұстау операциясы Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген. 

Бұған дейін ІІМ өкілдері алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс болғанын мәлімдеген. Алматыда екі жағдай, Алматы және Ақмола облыстарында бір-бірден анықталған. Олар бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети