Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицей ауыр жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталды.
"Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында Ақмола облыстық ІІД жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық қаралды. Іс материалдарына қарағанда жол-патрульдік полиция қызметкері Макинск қаласында Ж. есімді адамнан оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін 80 000 теңге пара алған", - деп хабарлады соттағылар.
Сот үкімімен полицей ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпты деп танылды. Оған 4 800 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.