03 ақпан 2023 16:26

Ақмола облысында полицейлер 100 миллион теңгеден аса қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында полицейлер 100 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында полицейлер 100 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Целиноград аудандық сотының үкімі бойынша, Ақмола облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жалпы сомасы 100 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыру жолымен ұрлағаны дәлелденген. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети