Ақмола облысында сот төрайымы өлі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жанна Бардіқұлова Жанна Бардіқұлова

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова өлі табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова өлі табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап. 

Бердіқұлованың мәйіті 13 маусымда табылған, өлімге себеп қылғындыру болған. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталды. 

"Күдікті бірнеше рет істі болған, соның ішінде адам өлтіргені үшін де. Ол үшін 2006 жылы сотталған. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақмола облысының ІІД өкілдері.

Марқұмның әріптестері оның жақындары мен таныстарына көңіл білдіріп жатыр. Жанна Бердіқұлова небәрі 46 жаста болған. 

"Бүгін керемет адамнан айырылдық! Басты сөз - адам! Ол тамаша адам, тамаша әйел, отбасының сүйікті қызы... "Болған" деген сөзді жазу ауыр екен. Ал ол қандай судья еді. Ол біздің жұмысымыздың барлық қырын танитын. Ол еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастады. Ол туралы өткен шақта жазған өте қиын... Оны жеке танитынмын... Ол үнемі жас судьяларға көмектесетін, БАҚ-қа сұхбат беріп жүрді.... Ал өткен съезде тамаша сөз сөйледі! Ол істі қарауды жеңілдету мәселесін көтерген! Небәрі 46 жаста еді! Өз ісіне жаны ашитын", - деп жазыпты Жоғарғы сот судьясы Елена Максюта. 

Әріптестерінің мәліметі бойынша, Жанна Бердіқұлова Алматыда жерленеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro