27 тамыз 2015 | 16:02

Ақмола облысында телефон арқылы 25 мың доллар бопсалаған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fed.sibnovosti.ru © Fed.sibnovosti.ru

Ақмолалық полицейлер телефон арқылы 25 мың доллар бопсалаған алаяқты ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмолалық полицейлер телефон арқылы 25 мың доллар бопсалаған алаяқты ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің ортасында Ақмола облысының 1979 жылғы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз ер адамның телефон арқылы 25 мың доллар талап еткенін айтады. Әйел адам егер ақшаны бермесе алаяқ отбасының сазыйын тарттыратынын айтқанын жеткізеді.

Полицейлердің айтуынша, мұндай бопсалау бірнеше рет болған, туыстары мен жақындарының өмірі үшін алаңдаған әйел полицияға хабар береді.

Жедел іздеу шаралары барысында Ақмола ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы өңірлік басқарма қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының 1982 жылғы тумасын ұстаған. Полицейлердің айтуынша, күдікті жасырын әрекет еткен. "Еш жерде тіркелмеген ол жәбірленуші әйелге хабарлама жіберіп отырған. Полицейлер тергеу барысында жәбірленуші мен күдіктінің бұрыннан таныс болғанын, олардың жақын қарым-қатынаста болғанын анықтады. Екеуінің арасында қызғанышқа байланысты келіспеушілік болған", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті кепілақы бойынша уақытша бостандыққа жіберілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети