Ақмола облысында террористік әрекет жасады делінген төрт күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратурға сілтеме жасап.
Ақмола облысында террористік әрекет жасады делінген төрт күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратурға сілтеме жасап.
Прокуратурадағылардың айтуынша, террористік ұйымдар өздерін қолдайтын адамдардың санын көбейту үшін үнемі жұмыс істейді. Бейбіт тұрғындарды террористік актілерді жасауға тартады. "Ақмола облысының өзінде төрт қылмыскер террористік әрекет жасағаны үшін іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бірінші жарты жылдықта қылмыстық тергеу органдары терроризм мен экстремизмге қатысты бес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған. Ол тергеулер әлі күнге дейін жалғасып жатыр.
Прокуратурадағылар азаматтарға террористік ұйымдар мен бірлестіктердің жасаған психологиялық айла әрекеттеріне қарсы тұруы қажет екенін айтты. "Терроризммен күресіп жатқан құқық қорғау органдарына көмектесу керек. Оларға күдік туғызған заттар туралы, бір топ адамның жиналып тұрғанын көрген жағдайларды немесе лаңкестік әрекет жасамақшы болып жүрген азаматтар туралы хабарлау керек", - деді прокуратура өкілдері облыс тұрғындарына.
Сондай-ақ, Ақмола облысының прокуратурасындағылар террористік қылмыс жасағандар, терроризм мен экстремизм туралы хабарлама таратқандар ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.