10 желтоқсан 2022 | 08:50

Ақмола облысында туған қызын бірнеше рет зорлаған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pixabay.com Pixabay.com

Ақмола облысында 17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлаған ер адам 16 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында 17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлаған ер адам 16 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын бірнеше рет зорлады деп айыпталған Көкшетаудың 43 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Қылмыс жасаған кезде қыз 17 жаста еді. Алғаш рет әкесі жасөспірімді 2020 жылғы тамызда қорлаған: туыстарынан қайтып келе жатып, ер адам көліктің салонында өзінің арам ойын іске асырған. Қорыққан қыз бұл оқиға туралы анасына айтпаған. Ал жазасыз қалған әкесі кейіннен өзінің сұмдық әрекеттерін тағы екі рет қайталаған. Үш айдан кейін, қарашада қыз анасына оқиға туралы айтқан, ал ол полицияға хабарлаған.

Тергеушілер дереу ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі (Зорлау) бойынша соталды іс қозғады. Тергеу аясында құқық қорғау органдары жәбірленуші мен күдіктінің айғақтарын мұқият зерттеп тексерді. Сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізді, оқиға орнында қыздың айғақтарын тексеру және нақтылау жүргізілді.

Бұл ретте сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады, алайда тергеушілер жинаған дәлелдемелер оның сұмдық қылмыс жасағанын толық дәлелдеді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды сот қарастырған жоқ.

Соттың үкімімен ақмолалыққа 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ, қыздың пайдасына 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Қазір ер адам бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети