Ақмола облысында ұрланған көліктерді заңсыз тіркеп, сатқандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ұрланған көліктерді заңсыз тіркеп, сатқандар ұсталды

Ақмола облысында ұрланған көліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліп, тіркеумен шұғылданған үш ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ұрланған көліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліп, тіркеумен шұғылданған үш ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторинг агенттігі облыстық департаментінің мәліметінше, ұсталғандар заңсыз әрекеттерін 2020 және 2021 жылдар аралығында іске асырып келген.

"Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған", – делінген хабарламада.

Сот үкімімен үш ер адам 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети