Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген Сурет: gov.kz

Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО тұрғыны алаяқтық құрбаны болған. 9 наурызда СҚО тұрғыны, 36 жастағы жәбірленуші алаяқтық дерегі бойынша Полиция басқармасына арыз берген. Наурыздың басында әйел Көкшетауда ұзақ мерзімді жалға алу үшін пәтер іздеп, танымал интернет-сайттардың біріне жүгінген. Осылайша, ол өзіне ұнаған пәтерін таңдап, хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған. Сөйтіп, жалдау сомасына келіскен, бірақ пәтер иесі алдын ала төлем жасауды сұраған. Ол бұл әрекетінің себебін клиент көптігіне байланысты деп түсіндірген.

Күдікті WhatsApp арқылы клиентке пәтердің суреті мен құжаттардың суреттерін жіберген. Бірақ бұл құжаттар жалған болып шыққан. Әйел оған 15 мың теңге сомасында алдын ала төлем жіберген. Алайда ақшаны алған "пәтер иесі" байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаяқтық схемасын түсінген жәбірленуші бірден полицияға арыз берген.

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды. Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті. Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 мамырда қылмысқа Степногорсктің 29 жастағы тұрғыны қатысқаны анықталды. Қазір полицейлер ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, айыпталушы қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети