©Нұрғиса Елеубеков
Көкшетауда мамандандырылған ауданаралық сотында 348 келі есірткі сатқан Степногорск қаласының екі тұрғыны темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеу жұмыстары барысында қылмыстық топты есірткі заттарын көлікке тиеп жатқан жерінде қолға түсірген. Алайда, бұлтартпас дәлелмен ұсталған З. Және У. есімді екі жігіт те кінәсін мойнына алмайды. Қылмыстық істі бір-біріне сілтеген жігіттер өз басын арашалаудың амалын жасап бағады. Дегенмен, тергеу барысында іске қатыстылығы толықтай анықталған жігіттерге сот отырысынан кейін қолдарына кісен салынды. "Үйді тінту барысында көлік гаражынан жиырма қапқа бөліп салынған марихуана есірткісі табылды. Соттың үкімімен есірткімен айналысқан қылмыстық топқа Қылмыстық Кодекстің 259 бабының 3 тармағымен әрқайсына он екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы Айсұлу Құлманбетова.
Көкшетауда мамандандырылған ауданаралық сотында 348 келі есірткі сатқан Степногорск қаласының екі тұрғыны темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеу жұмыстары барысында қылмыстық топты есірткі заттарын көлікке тиеп жатқан жерінде қолға түсірген.
Алайда, бұлтартпас дәлелмен ұсталған З. Және У. есімді екі жігіт те кінәсін мойнына алмайды. Қылмыстық істі бір-біріне сілтеген жігіттер өз басын арашалаудың амалын жасап бағады. Дегенмен, тергеу барысында іске қатыстылығы толықтай анықталған жігіттерге сот отырысынан кейін қолдарына кісен салынды.
"Үйді тінту барысында көлік гаражынан жиырма қапқа бөліп салынған марихуана есірткісі табылды. Соттың үкімімен есірткімен айналысқан қылмыстық топқа Қылмыстық Кодекстің 259 бабының 3 тармағымен әрқайсына он екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы Айсұлу Құлманбетова.